Оқиғалар 21.05.2020 сағат 17:00

«Қаһарман көңілдес»: Оралда балконнан жартылай жалаңаш түскен азамат ВИДЕОға түсіп қалды

Пәтерден ұсталмадың, әлеуметтік желіде ұсталдың!
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде ішкиіммен көпқабатты үйдің балконынан түсіп бара жатқан азаматтың видеосы қызу талқыға түсті. Оқиға Оралдың 4-ықшамауданында болған. Көптің назарын аударған бейнежазбаға қатысты Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ролик авторы жігітті "қаһарман көңілдес" деп атаған. Күтпеген жағдайға кішкентай балалар да куә болған. Балконнан түскен соң жігіт асығыс түрде заттарын жинап, кетіп қалған. "Мүмкін жай қызына келіп, ата-анасы үйіне кіріп қалған шығар",- деді желі қолданушыларының бірі. Ал басқа оқырмандар азаматтың бұл әрекетін әзілге айналдырып жіберді.

"Тағдырдан құтыла алмайсың. Пәтерден ұсталмадың, әлеуметтік желіде ұсталдың", "Кім жоғалтып алды?", "Біреудің күйеуі ерте келген-ау", "Коронавирусты уайымдап жүргенде көңілімді көтерді ғой", "Қазір барлық әйелдер көріп, менің батырым емес пе деп ойлап жатқан шығар" деп жазды олар.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған мекенжайдан ешқандай хабар келмегенін мәлімдеді. Үй подъезі карантинге жабылмаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар