$ 443.37  474.49  4.83

«Ақырзаман деп ойлап қалдық»: ақтаулықтар алып бұлтты көріп таңқалды (ВИДЕО)

Олардың сөзінше, күні бойы жарқырап тұрған ауа райы аяқастынан бұзылып, қала аспанын алып бұлттар басқан.
фото: www.instagram.com/ladakz
фото: www.instagram.com/ladakz

 Ақтау тұрғындары аспанда пайда болған аса ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды. Қаланы көшкінге ұқсайтын алып бұлт басып, жергілікті халық тосын жайтқа таңданған Кейбірі бұл көрініске тамсанса, енді бірі керісінше, одан шошынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 Ақтаулықтар 23 мамыр күні аспандағы ерекше табиғи құбылысқа куә болған. Олардың сөзінше, күні бойы жарқырап тұрған ауа райы аяқастынан бұзылып, қала аспанын алып бұлттар басқан. Желі қолданушылары ерекше көрініске тамсанып, одан алған әсерлерімен бөлісті. Тағы кейбірі алып бұлттар бойларына қорқыныш сезімін ұялатқанын айтып жатты. 

"Нағыз фантастикалық фильмдегідей көрініс болды. Өте әдемі, табиғат неткен шебер еді!?", "Біз бұл сәтте өзен жақта жүр едік. Бір жағынан әдемі, бір жағынан аса қорқынышты құбылыс", "Бір мезетте күн жоқ болып, бұлт басты. Қатты қорқып кеттік", "Қорқынышты фильмердегідей әсер қалдырды. Ақырзаман деп ойлап қалдық", "Балаларыммен көшеге шыққанмын. Бір уақытта ауа-райы бұзылып, қорқынышты бұлттар пайда болды", "Күтпеген құбылыс болды", "Бұл естен кетпес табиғат құбылысы болғаны анық" , - деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары