ШҚО-да ұшақ өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
30 мамырда сағат 15:31-де "Тараз жаңа әлем" әуе компаниясының АН-2 ұшағы қонғаннан кейін өртенді. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 рейсін орындаған.
Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт кезінде әуе кемесінің бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасының тергеуі басталды.
Ан-2 - кеңестік көпмақсатты жеңіл ұшақ. Ол ауыл шаруашылығы, спорттық, көлік құралы, оқу-жатығу, жолаушылар ұшағы ретінде қолдаланылады және көптеген елде ӘӘК-нің қарулы күштеріне кіреді.