$ 498.34  519.72  4.85

Атырау-Астрахан тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бірнеше адам көз жұмды

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

6 мамырда Атырау-Астрахан трассасының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың бәрі - жүргізуші мен екі дәрігер қайтыс болды, деп хабарлайды azh.kz-ге сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы - 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған. Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды.

"АЖ" сайтында жарияланғаннан кейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бұл олардың көлігі емес, Исатай аудандық санитариялық дәрігерлік амбулаторияның көлігі екенін нақтылауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты