$ 498.34  519.72  4.85

Премьер-министрдің COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті (ВИДЕО)

Sputnik Армения ақпаратынша, 16 наурыздан елде төтенше жағдай жарияланған, режим 13 маусымға дейін ұзартылды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.

Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Пашинянның айтуынша, онда коронавирустың айқын белгілері, соның ішінде жоғары температура жоқ. Алайда ол айналасындағыларға, әсіресе, егде жастағы адамдарға жұқтырғысы келмейді.

"Резиденцияда жұмыс істеймін. Бұл жерде барлық жағдай жасалған, байланыс құралдары бар. Қанша уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік болса, сонша істеймін. Біздің стратегиямыз өзгерген жоқ. Біз коронавирус инфекциясымен өмір сүріп үйренуіміз қажет", - деді Армения үкіметінің басшысы.

Sputnik Армения ақпаратынша, 16 наурыздан елде төтенше жағдай жарияланған, режим 13 маусымға дейін ұзартылды.

18 мамырдан бастап республикада қоғамдық көліктің жұмысы жанданды. Жолаушылар бетперде мен қолғап киюге міндеттелді.

Сауда орталықтары ашылды, бұған дейін ашық аспан астында істеген қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары