Оқиғалар 01.06.2020 сағат 16:00

«Балаларды қолдау орталығында әжетхана мен қыздардың жуыну бөлмесі бейнекамералар арқылы бақыланған» - прокуратура

Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе?
«Балаларды қолдау орталығында әжетхана мен қыздардың жуыну бөлмесі бейнекамералар арқылы бақыланған» - прокуратура
фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілердің конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады. Мұндай дерек "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында балалар құқығын қорғау жөніндегі топтың қатысуымен өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жетекшісі орталық тәрбиеленушілерін бейнекамералар арқылы қарап отырған. Тіпті, камералар әжетхана мен қыздарға арналған жуыну бөлмелеріне орнатылып, ол жерлерде не болып жатқаны басшылықтың кабинетіндегі үлкен экран арқылы бақыланған", – деп мәлімдеді Павлодар облысы прокуратурасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Мекемеде 18 жасқа дейінгі қыздар да болғандықтан, прокуратура өкілдері орталық басшылығы мұндай әрекетімен балалардың құқығын өрескел бұзды деп санайды.

Ал тексеріс нәтижесінде бейнекамералар Павлодар облысы білім басқармасы басшылығының тікелей тапсырмасымен орнатылғаны анықталды.

Бұл туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, мұны өз әрекетінің ресми түсіндірмесі ретінде қарауды сұрады.

Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді.

"Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді", – дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы.

Прокурорлар тексерісінен кейін бақылау камералары алынып тасталды. Бірақ Дінислам Болатханұлы өз ұстанымында қалатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар