$ 443.85  474.3  4.8

Былтыр жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Қыздың денесі 31 мамырда табылды.
Фото: Kaznews.kz
Фото: Kaznews.kz

Алматы тауларында былтыр жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың денесі 31 мамырда БАО-дан жоғары, Космостанса ауданы маңынан табылды. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 26 жастағы қыз 2019 жылдың 9 қарашасында жоғалып кетті. Ол жалғыз өзі Үлкен Алматы шыңына бет алған. Республикалық жедел құтқару отрядының құтқарушылары іздеуді келесі күні бастады, бірнеше күнгі жұмыс нәтиже бермеді.

Кең көлемді іздеу жұмыстар жүргізілді, Проходное шатқалы, Жусалы-Кезең асуы, Космостансадан Үлкен Алматы көліне және Үлкен Алматы көлінен Коммунальникке (бұрынғы демалыс үйі) дейін бірнеше рет қаралды. Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының барлық ашық құрылымдары тексерілді. Қыз жоғалып кетуі мүмкін аймақтың айналасында рейд жасалды. 9 қарашада қыздың қалаға қарай түсіп келе жатқанын көргендер туралы ақпарат болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары