$ 498.34  519.72  4.85

Полиция Алматы облысында аю мерт еткен адамға қатысты қосымша ақпарат жариялады

«Аю қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, ол атылмайды», - деп толықтырды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында аюдың ер адамға қалай шабуылдағаны жайлы полиция қызметі баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Куәгерлердің айтуы бойынша, марқұм – Лепсі ауылының тумасы, туыстарына демалуға келген. 28 мамыр күні ол үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. Жанында иті болған. 30 мамыр күні үйге қайтар тұста 6 шақырымдай жол жүрген. Жолда ит аюдың қонжықтарын байқап6 оны қуалаған.

Иті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңынан ерген. Қалың бұтаның ішіне кірген ит бір мезетте қатты қаңсылаған. Ер адам итіне көмектеспек болып қалың ағаштың ішіне енген. Біраз уақыт өткенде оның жанұшырған дауысы естілген. Сол сәтте бұтаның арасынан аю атып шығып, қаша жөнелген.

Одан аттар үркіп, адамдар сескеніп қалған. Бұта арасынан табылған Ресей азаматы ауыр жарақаттың салдарынан көз жұмды», - деді Алакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Полицейлер көктемде аю қонжығын қорғау үшін адамға шабуыл жасауы мүмкін екенін және осыған байланысты сақ болу қажеттілігін ескертті. «Аю қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, ол атылмайды», - деп толықтырды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 41 жастағы Ресей азаматын аю талап, мерт болған еді. Қайғылы оқиға 30 мамырда сағат 06.25-тер шамасында Алакөл ауданындағы тауда болған. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары