Оқиғалар 04.06.2020 сағат 16:40

Әнұранды рэпке айналдырған жастар сазайын тартты

Бүгін облыс пен аудан әкімдіктері жұмыс күнін Әнұран айтумен бастады.
Әнұранды рэпке айналдырған жастар сазайын тартты
фото: qazaqstan.tv
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тәуелсіздігіміздің нышаны саналатын рәміздерді біз қаншалықты құрметтеп жүрміз? Осыған дейін Туды тулақ етіп, аяққа таптағандарды да көргенбіз. Жақында әлеуметтік желіде жаңадан челлендж басталды, деп хабарлайды halyqline.kz.

 Өкініштісі, еріккен жастар «Инстаграмм» және «Тик-Ток» желісінде Мемлекеттік Гимнді рэп жанрында орындап жүр. Бұлардың қатарында қызылордалықтар жастар да бар екен. Биылғы жылдың ақпан айында екі дерек анықталып, желіде желіккен жастардың біріне – 10 АЕК, екіншісіне 50 АЕК негізінде әкімшілік хаттама толтырылған. 

Аталған мәселеге қатысты облыстық ішкі саясат басқармасына хат жібергенбіз. Ресми органның мәліметі де көңіл көншітпейді. Мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі мен стандартқа сай қолданылуын бақылау мақсатында басқарма тарапынан ведомостваралық инспекциялық топ құрылған. Сол топ өткен жылы өңірдегі 309 мекемеге тексеру жұмыстары жүргізіп, 58 мекемеден кемшілік анықтапты.

«Зерделеу барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалануда кемшілік жіберген 2 аумақтық мемлекеттік органның аудандық бөлім қызметкерлеріне мекеме басшысы тарапынан біріне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасы қолданылса, екінші мекеменің қызметкеріне «қатаң ескерту» берілді. Сондай-ақ, Қазалы ауданының полиция бөлімі тарапынан рәміздерді пайдалану тәртібін бұзу бойынша 2 мекеме басшысына (ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы) хаттама толтырылып, айыппұл салынды» , – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Жомартқызы.

Бүгін облыс пен аудан әкімдіктері жұмыс күнін Әнұран айтумен бастады. Кейбір аудандар көк Туымызбен кортеж ұйымдастырыпты. Әйтсе де, әлеуметтік желіде мемлекеттік Гимнде рэпке айналдырған жастарға қарап, идеологиялық жұмыстың әлі де ақсап жатқанын аңғару қиын емес сияқты…

Елдің егемендігін айқындайтын негізігі атрибуттарының бірі – мемлекеттік рәміздер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданып, осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар