$ 494.87  520.65  4.91

Мейрамхана алдында төбелескен алматылықтар бір-біріне оқ атып, пышақ жұмсаған (ВИДЕО)

Айдың, күннің аманында оқ атып, пышақ қолданғандардың аты-жөні белгілі. Қолға түскендері де бар. Тәртіп сақшылары олардан жауап алуда.

Алматыда тағы да атыс болды. Полиция департаменті таратқан деректерге қарағанда, бірнеше азамат мейрамхана алдында жаға ұстасқан. Біреуі пышақ алып жүгірсе, екіншісі травматикалық қару қолданыпты. Жанжал салдарынан екі адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Кеше кешкісін болған оқиғаны тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Мейрамхана алдында бірнеше жігіт сөзге келіп қалған. Ал жарақат алғанның біреуінің жанжалға, тіпті, қатысы жоқ. Көшеде өз бетімен кетіп бара жатқан жігіттің аяғына тапаншадан атылған оқ тиіпті. Төбелеске қатысы бар тағы бір жігіт пышақ жарақатын алған.

«37 жастағы азамат қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ол басынан қатты соққы алған және аяғынан пышақ жарақатын алған. Алғашқы көмектен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді», - дейді Жедел көмек көрсету ауруханасының бөлім басшысы Ермек Желдібаев.

Айдың, күннің аманында оқ атып, пышақ қолданғандардың аты-жөні белгілі. Қолға түскендері де бар. Тәртіп сақшылары олардан жауап алуда.

«Олардың ісі ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-тармағы бойынша саралануда. Яғни, тапанша қолданумен жасалған бұзақылық дерегі бойынша. Бұл бап бойынша кем дегенде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал төбелестен кейін ізін суытып үлгерген өзге жігіттер іздестіріліп жатыр. Полиция оларды да қылмыстық жауапқа тартпақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары