$ 494.87  520.65  4.91

«Әріптесін көлікпен соқты» деп айыпталған полицей жазадан құтылып кетті

Қайғылы оқиға Шахтинск қаласы маңындағы тас жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде болыпты.
фото: kt.kz
фото: kt.kz

Қарағанды қаласында тәртіп сақшысының үстінен қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Полиция қызметкеріне "әріптесін көлікпен соқты" деген айып тағылған болатын. Жол апаты салдарынан екінші тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. 

Оқыс оқиға өткен жылдың қыркүйегінде болған. Полицей жұмыс уақытынан тыс кезде өз көлігімен Шахтинск қаласының тұрғынын соққан. Ол жолдың бойымен кетіп бара жатқан. Қайғылы оқиға Шахтинск қаласы маңындағы тас жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде болыпты.

Жол апатынан соң тәртіп сақшысы оқиға орнына бірден полиция және жедел жәрдем қызметін шақырған. Ол зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмекті көрсетпекші болыпты. Алайда ол алған жарақатынан қаза тапқан. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жақында тергеу аяқталды.

Қылмыс құрамының болмауына байланысты тәртіп сақшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары