Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданында қоғамдық көліктің өртенгенін растады. Ведомсво мәліметінше, көлік Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында өртенген.
Қазір отқа оранған автобустың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ал Төтенше жағдайлар департаменті өрттен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.