Әлеуметтік желілерде бірнеше баланың күшікті қапқа орап, тірідей өртеп жіберген видеосы тарады. Оқиға Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылында болған.
Жануарлар әлемін қорғаумен айналысатын ұйым өкілдері құқық қорғау органдарына арыз жазып, жантүршігерлік әрекетке барған балаларды жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Тағы оқи отырыңыз:
«Мака, кәуап жасамай-ақ қой...»: итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған адам ұсталды (ВИДЕО)
Алматы облыстық Полиция департаменті аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Алакөл аудандық полиция бөлімінің мамандары видеодағы адамдарды іздеу және ұстау шараларын жүргізіп жатыр.
Полицейлер күшікті өртегендердің ұсталатынын және міндетті түрде жауапқа тартылатынын мәлімдеді.