Лисаковск қаласының 41 жастағы тұрғыны жұмыс орнында жыныс мүшелерін кесіп тастаған. Ер адам ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Қостанай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл төтенше жағдай 2 маусым күні болған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адамның әріптесі өзінің денсаулығына зиян келтіру әрекетінің куәгері болған. Алайда сол уақытта ол сыртқа шығып кеткен көрінеді.
Қызметкер жұмыс орнына оралғанда, қорқынышты көрініске тап болады. Ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген.
Жараланған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ота жасалған және жыныс мүшесі тігілген.
Әзірге оның бұл әрекетінің себептері белгісіз. Осы арада Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
"Аталған факті тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам ауруханада жатыр. Оның дене жарақатын өзі жасағаны анықталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствода.