$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда 21 жастағы қыз ұйықтаған күйі оянбай қалды

Пандемия кезінде бүкіл жоспарының кұл-талқаны шығыпты.

Жақында әлеуметтік желілерде Алматыда 21 жастағы Милена Төлеубекованың көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Қыз кешке үйіне қайтып келіп, әдеттегідей ұйықтауға жатқан, бірақ содан оянбады, деп хабарлайды Oinet.kz.

"Плохие новости" паблигінің жазуынша, ұйықтап жатқан кезінде жүрек талмасына ұшыраған. Алайда туыстары мұндай болады деп тіпті ойламаған екен. 

Қыз өзінен көп нәрсені талап еткен. Оның соңғы кездегі ұраны мынадай болған: "Не күштірек болу керек, не ешкім емес".

Милена әдемі жерлерге саяхаттауды ұнататын және осы жаз ерекше болады деп күткен, бірақ пандемия кезінде бүкіл жоспарының кұл-талқаны шығыпты.

Төрт қабырғада қалғанымен, қыз бос жүрмеген. Ол поэзия оқуды қолға алған. Бойжеткен ол ВКонтактеде жазылушылармен танымал ақындардың махаббат лирикасымен бөлісіп отырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары