Оқиғалар 05.06.2020 сағат 16:20

Итті тірідей өртеген балалар ұсталды (ВИДЕО)

Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен итті тірідей өртеп жатқан бейнежазба бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап..

Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатар қылмыс Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында орын алған.

"Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елді-мекеннің кәмілетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай, – деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Тағы оқи отырыңыз:

Бірнеше бала күшікті тірідей өртеп жіберді (ВИДЕО)

«Жан-жануарлардың ондаған түрі жойылып кету алдында тұр» - Тоқаев

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар