$ 494.87  520.65  4.91

Сайрамдық «көкек ана» жаңа туған нәрестесін көшеге тастап кеткен

Тәртіп сақшылары сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтаған. Тез арада нәресте аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауға алған.

Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен. Сүлгіге орап қойған шақалақты Ақсукент ауылының тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға хабарласқан тұрғындар нәрестені бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында тауып алғанын айтқан. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам аудандық ПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шыққан.

Тәртіп сақшылары сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтаған. Тез арада нәресте аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауға алған.

Мамандар оның салмағы – 2,75 кг, бойы 52см екені және азиат нәсілді қыз бала екенін анықтаған.

«Осы дерек Сайрам аудандық ПБ-нде ҚР ҚК-нің 119-бабымен тіркелді. Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде, нәрестені көшеге тастап кеткен анасы 2 сағат ішінде табылып, ұсталған. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, не себепті тастап кеткені анықталуда» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары