Бразилиялық 20 жастағы студент босанғанша өзінің екіқабат екендігін білмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, amur.info дерегіне сілтеме жасап.
Оқиға барысы былай болған. Айми жігітімен айырылысқан соң күйзеліске түскен. Сондықтан спортзалға барып, жаттығу жасауды тоқтатқан. Соның салдарынан тез дайындалатын тамақтарды көп жеп, салмағы арта бастапты. Бірақ ол, артық салмағын жүктілік деп емес, эмоциялық жағдайыма байланысты деп ойлаған.
Ақырында өзін жайсыз сезініп, ауыра бастағанда дәрігер көмегіне жүгінген. Алайда дәрігер оған "бүйрек проблемалары болуынан, аяғың ісуі мүмкін" деп айтыпты.
Айми соңғы сабақ күні қатты ауырады. Соған қарамастан досының үйіне тамақтануға барады. Сол кезде ауруы күшейгендіктен, үйіне қайтып кетеді. Үйіне келіп, душқа бас сұғады, бірақ бұл жерде де ауырып, жатын бөлмесіне барған. Қатты қиналғандықтан телефон арқылы көмек шақыруға да шамасы келмей босанып қалыпты. Сөйтіп нәрестенің басы көрінген кезде осы уақытқа дейін жүкті болғанын бір-ақ біліпті.
Тағы оқи отырыңыз: Әйел өзінің жүкті екенін босануға екі-ақ сағат қалғанда білген
"Таңқалуға уақытым болмады. Тіпті жедел-жәрдем шақыруды ойламаппын. Тек баланың жағдайы жақсы болуын тіледім.", - дейді аяқастынан ана атанған Айми.
Айтпақшы, жас ана баланың кіндігін қалай кесетіні туралы интернеттен видео көріп, сол арқылы нәрестенің кіндігін өзі кесіпті.