$ 449.58  486.94  4.86

СҚО-да астық қоймалары өртенді (ФОТО)

Өртті сөндіруге 46 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.
фото: emer.gov.kz
фото: emer.gov.kz

12 маусымда сағат 05:36-да Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кондаратовка ауылында «Астық ЛТД Нұр компания» ЖШС аумағында жалпы ауданы 1100 ш.м. 4 қойма үй-жайы өртенді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, СҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өрт 07:29-да ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД СҚО күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел тергеу тобы, ерікті өрт сөндіру құралымдары құрамында 46 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #өрт #астық