$ 494.87  520.65  4.91

Күйеу баласын өлтірген белгілі боксшы қылмыстық жазадан құтылып кетті

Мұқановтың есі дұрыс емес , оның жай-күйі комиссиялық психологиялық психиатриялық сараптама және басқа қылмыстық істің материалдарында дәлелденген.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қостанайда белгілі боксшы Аслан Мұқановқа қатысты іс сотта қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол өз іс-әрекетіне есеп бермей, созылмалы психикалық аурумен ауыратын Мұқанов, 2019 жылы 11 шілдеде таңертең Қостанай облысының Қостанай ауданы Алтын дала ауылында, өз туыстарының үйінде ұйықтап жатқан күйеу баласы С.Ж.Пшенбаевтың мойына пышақпен көптеген соққылар жасаған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Мұқанов А. оқиға орнынан қашып кетіп, одан кейін полиция қызметкерлері оны ұстаған.

"2020 жылғы 12 маусымында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен А.С.Мұқанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3) тармағымен көзделген қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес жай-күйінде жасағаны дәлелденді.

Мұқановтың есі дұрыс емес , оның жай-күйі комиссиялық психологиялық психиатриялық сараптама және басқа қылмыстық істің материалдарында дәлелденген.

ҚР ҚК-нің 16-бабына сәйкес, Мұқанов қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес жай-күйінде жасауына байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3) тармағымен А.С.Мукановқа қатысты қылмыстық істің өндірісі тоқтатылды, А.С.Муканов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды", - делінген соттың ресми хабарламасында. 

Сонымен қатар, Мұқановқа қарқынды бақылаумен мамандандырылған түрдегі психиатриялық станционарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Әзірге Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары