$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып-соққан күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

39 жастағы әйелдің денесін жарақаттаған шымкенттік уақытша изоляторға қамалды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасымен 26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жедел-тергеу тобы осы жағдайға қатысы бар деген күдіктіні анықтады. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен 48 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқи отырыңыз:

Шымкентте біреулер көшеде кетіп бара жатқан әйелдің тісін сындырып, зорлап кеткен

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен адамға бағытталған психология, шұғыл психологиялық көмек көрсету, бала мен ата-ана қатынастары саласындағы маман Айгүл Рахметованың және заңгер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің қатысуымен жәбірленушімен кездесу ұйымдастырылды.

Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әйел құқығы