Жігіт әлеуметтік желіде өтірік, фейк аккаунтармен тіркеліп алып, қыз-келіншектермен танысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен олардың сеніміне кіріп, қарызға ақша да алған. Сол қарызын қайтару мақсатында қыз-келіншектерден жеке куәландыратын ақпараттарын сұрап, құрығына түсірген. Сол жиналған ақпаратпен жігіт қыздардың атынан онлайн несие алған екен.
«Қылмыстың бұл түрі басқалардан айырмашылығы – мұнда азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған кезде, шабуылдаушы көбінесе басқа аймақта болады» – дейді Думан Таев.
Қазақстан бойынша 92 қызды алдап түсірген.
ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы жыл сайын мұндай алаяқтардың саны артып келе жатқанын хабарлайды. Егер 2018 жылы осындай қылмыстың 4000 тіркелсе, 2019 жылы – 8000, ал биылғы жылдың 5 айында олардың саны 4000-нан асты. Ал ай сайын республикада электрондық мәліметтерге заңсыз қол жеткізуге байланысты 800-ден астам қылмыстық іс тіркеледі.