Елге «Қыдыр атаның сүйікті ұлы» деп танылған Жанарыс Жақсылықұлы бүгін 57 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды оның ауылдасы жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, nur.kz-ке сілтеме жасап.
«Жаназасы ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11-ге белгіленді. Қазір өзім сол жаққа бара жатырмын. Ол кісі менің әкеммен құрдас», - дейді Сексеуіл кентінің тұрғыны Нұрлан Смағұлов.
Қайғылы жағдайды көршілері де естіген. «Қайтыс болды дегенді естідік. Кеше кешкілік осы маңда адам көп жүрді. Өзім осы жаққа қонаққа келген адаммын», - дейді қала тұрғыны Тұрсынай Аяпова.
Емшімен қоштасу рәсімі 14 маусым күні туған жері Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде өтеді.
Еске сала кетсек, Жанарыс Жақсылықұлы – белгілі күйші, музыкант Жасарал Еңсеповтің інісі. Ал Жасарал Жақсылықұлы 2012 жылдың 16 маусымында, 59 жасқа қарағаған шағында Алматы қаласында қайтыс болған.