Өзбекстанда тойға келген 12 қонақ пен жаңа түскен келін коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ташкент қаласының Юнусабад ауданында жергілікті тұрғын төрт күннің ішінде екі той өткізіп үлгерген.
Той-томалақ салдарынан 12 адам, сондай-ақ жаңа түскен келін де індетті жұқтырып алған.
Қазіргі уақытта осы тойда болған жүзге тарта адам коронавирусқа тесттен өткен. Сонымен қатар шараларға қатысқандардың бәрі – той иесінің отбасы мүшелері, туыстары мен онымен байланыста болған адамдар стационарлық және үй карантиніне жатқызылған.