$ 443.85  474.3  4.8

Диплом алғанын «жумақшы» болған жігіт көз жұмды

Қапшағайға жігіттер колледжді бітіргенін атап өту үшін келген.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Алматыда диплом алғанын атап өтпекші болған 19 жастағы колледж түлегі Қапшағай су қоймасында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облыстық ТЖД хабарлауынша, оқиға 24 маусымда Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы демалыс аймақтарының бірінде болған.

"Жігіт Алматы колледжінің түлектерімен бірге жағалаудан ұзап, екі орындық катамаранда судың ортасына жүзіп барған. Жігіттер суға түсуге арналмаған жерге қарамастан катамараннан секіре бастады. Нәтижесінде олардың бірі суға батып кетті", - деді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдікте тапты. Қапшағайға жігіттер колледжді бітіргенін атап өту үшін келген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары