$ 444.32  473.33  4.76

«Сұмдық-ай!»: Шілдеде Аралда бұршақ жауды (ВИДЕО)

Жақсылық болсын, бауырлар!
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

 Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында бұршақ жауды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылордалық Айдар Сайлауов есімді ақын әрі журналист жігіт facebook парақшасына аспаннан бұршақ жауып жатқан сәт түсірілген видеоны жүктеді. Видеоға көзжүгіртсеңіз, аппақ-аппақ бұршақтардың жерге толассыз түскенін байқайсыз.

Журналистің салған видеосын көрген желі қолданушылары: "Алла ақырын берсін, әйтеуір!", "Аспаннан жауған ылғалдың бәрі пайда, тек жұмыртқадай болып шипыр мен басты теспесе болды", "Шілдеде бұршақ жауған не деген сұмдық-ай!? Бұл да бір Алланың жер бетіндегі пенделеріне жіберген сынағының көрінісі шығар!? Жақсылық болсын, бауырлар!", "Бұрында шілдеде жауғанын көрдік", - деп жазды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары