$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында ер адам көршісін кірпішпен ұрып өлтірген

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: saratov24.tv
Фото: saratov24.tv

Түркістан облысының полицейлері бөтелкелесін өлтірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне “102” телефоны арқылы жергілікті тұрғыннан Шұбар ауылындағы құрылысы толық аяқталмаған үйдің ішінде ер адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен. 

​Тәртіп сақшылары жәбірленушіге келтірілген жарақатқа қарап, оның өліміне басынан алған соққысы себеп  болуы мүмкін екенін анықтады. Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ауыр қылмысты ашу мақсатында жедел уәкілдер аулаларды аралау барысында өлген адамның жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Оны полиция қызметкерлері Арыс қаласында қарауылдық жұмысында жүрген жерінен анықтап ұстады. Күдікті қаза тапқан адамның көршісі болып шықты.​​

Тергеу барысында күдікті танысы әрі көршісімен Шұбарсу ауылындағы толық бітпеген үйде бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол сәтте араларында жанжал шығып, сөзге келіспей қалу салдарынан төбелес болғанын айтып, оқиға кезінде ер адам көршісінің басынан кірпішпен ұрғанын мойындады.​​​​ Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалды, полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтайды. Күдікті қамауға алынды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары