$ 498.34  519.72  4.85

«Ойына келгенін істеді»: Түркістанда 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген (ВИДЕО)

Ең сорақысы, бұл айуандықты жеткіншектің анасы білген көрінеді.

Түркістанда 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жылдан бері зорлап келген, деп хабаралайды Skifnews.kz

Бұл жайында Еуразия бірінші арнасында айтылды. 

Ең сорақысы, бұл айуандықты жеткіншектің анасы білген көрінеді. Бірақ, неге екені белгісіз ешкімге тіс жарып ештеме айтпаған. Мұндай қорлыққа шыдамаған жәбірленуші өзегін өртеген өкінішті өз әкесінің туған әкпесіне айтып берген. 

"Ол кезде мен 6 сыныпта оқитынмын, бір күні өгей әкем тізерлетіп отырғызып қойып ойына келгенін істеді, мен қорыққанымнан оның айтқанын істеуге мәжбүр болдым. Ал екі жылдан кейін ол үйде ешкім жоғын пайдаланып, мені жатын бөлмеде шешіндіріп зорлады", - дейді оқушы қыз.

"Бүгінгі таңда тергеушілермен ҚР Қылмыстық кодекснің 121-бабы, яғни "кәмелетке толмаған адамға нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері бойынша" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде осы іс бойынша жәбірленушінің өгей әкесі өтуде", - облыстық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Қазіргі таңда психолог маман көмек көрсетіп жатыр. Маманның қыздың ойында қорқынышы бар, алайда ақыл ойында ешқандай ауытқу жоқ,  әрі өгей әкесінен көрген қорлығы жайында айтқаны шындыққа жанасы деп отыр. 

Қазіргі таңда оқушы қыз туған әкесінің шаңығарында тұрып жатыр, ал шешесі сұхбат беруден бас тартқан. Жеткіншікті үш жыл бойы зорлап келген өгей әкенің кінәсі делелденетін болса азғын 12 жылдан 17 жылға сотталуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары