Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында жүкті әйел босанып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Жетісу ауданындағы ХҚО орталығына жүкті әйел өзінің танысымен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге отыруға келген.
«Жүкті келіншек алдын ала түскі сағат 12:00-ге брондап қойған кезегін күтіп отырған. 10 минуттан соң оның толғағы басталып кетті. Оны көрген ХҚО басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдем көлігі келгенімен жүкті келіншекті перзентханаға жеткізуге уақыт болмады. Сөйтіп, келіншек халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының кабинетінде босанып қалды. Дүниеге қыз бала келді. Бұл отбасындағы үшінші бала екен. Құттықтаймыз!»,– деп жазды ол.
Айтпақшы, жаңа босанған келіншек өзіне қажетті қызметті алып үлгерді.
Тағы оқи отырыңыз:
«Ойлаудың өзі қорқынышты»: коронавирусқа тест тапсырмаған әйел ауласында босанған
Дереккөз: ҚазАқпарат