$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус «хайп» деп желіні шулатқан блогер індеттен көз жұмды

Дереккөздің ақпаратынша, Роуз - бұрынғы әскери адам.
Фото: m24.ru
Фото: m24.ru

Әлеуметтік желідегі жазбаларда коронавирусты жоққа шығарып, елдегі жағдайды хайп деп атаған америкалық Ричард Роуз 1 шілдеде инфекция жұқтырғанын мәлімдеді, ал үш күннен кейін ер адам қайтыс болды деп хабарлайды kaz.nur.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.

37 жастағы Роуз алдымен өз парақшасында өзін өте нашар сезінгенін, содан кейін коронавирусты анықтауға тапсырған сынамасының оң нәтиже көрсеткенін айтты.

Кейінірек ол карантинде оқшаулануға міндетті болғаны үшін өзін нашар сезінетінін жазды.

Ал 4 шілде күні ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ричард соңғы рет Facebook-те: "Өзгелерге мін таққанды ұнатқыштар, мені жұмақта көрсеңдер, таң қалмаңдар", - деп жазған екен.

Желі қолданушылары Роуздың 28 сәуірде жазған жазбасын тапқан. Ол жерде жігіт маска сатып алып, тақпайтынын жазыпты. Олар оның қайтыс болуына байланысты жүздеген пікір қалдырды.

Дереккөздің ақпаратынша, Роуз - бұрынғы әскери адам. Ол әскерде тоғыз жыл қызмет етті, Ирак пен Ауғанстанға сапар шегіп, үйде қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары