$ 446.49  475.38  4.79

Алматыдағы «Сабыржан» супермаркеті отқа оранды (ВИДЕО)

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әкімшілік ғимараттың шатыры лаулап жанып жатыр.

Алматыда Қалқаман шағын ауданында Әшімов 13А мекенжайында орналасқан «Сабыржан» супермаркеті өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әкімшілік ғимараттың шатыры лаулап жанып жатыр.

«Қазір өрт жапсарлас ғимараттарға жайылмас үшін оның алды алынды. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде адамдар бар-жоғын барлап жатыр. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауға қарсы бағана берілді. 50 литрлік 3 газ балоны сыртқа шығарылды», - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары