Қарағанды облысында бір отбасынан 3 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі күні кеше ғана ескерту жасап еді. "Аптап ыстық кезінде рұқсат етілмеген жерде суға шомылмаңыздар. Балаларыңызға мұқият болыңыздар", деп өтінген. Бірақ кеңеске құлақ аспайтындар көп. Кеше ғана өңірде 5 адам суға кетті.
Оның үшеуі бір отбасы балалары. Келтірілген деректерге қарағанда. Жасанды тоғанға 8 және 10 жасар қыз балалар шомылуға барған. Оларды құтқарамыз деп 18 жастағы апайы мен 23 жасар ағасы суға түскен. Нәтижесінде 8 жастағы қыз бала ғана аман қалды. Қалған үшеуі өкінішке орай суға батып кеткен.
Бұл, Ақтау кентінде болған оқиға. Ал, Бұқар жырау мен Абай аудандарында өзеннен 9 жасар қыз бен 42 жастағы ер адам мәйті табылды.
"Бірінші оқиға Ақтау елді мекенінің қасындағы жұмыс істемейтін карьерде болған. Осыған байланысты бүгін Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарынан сұрайтынымыз тек қана белгіленген арнайы орындарда ғана демалыңдар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - деді облыстық ТЖД басышысының м.а. Мұрат Құтпанов.
Шомылу маусымы басталғалы бері Қарағанды облысында 10 адам суға кеткен. Олардың бәрі рұқсат етілмеген жерде шомылған көрінеді. Павлодар облысында да аптап ыстықта суға кеткендер көбейді. Ақсу шаһарында 5 жасар қызын құтарамын деп от ағасы қаза болды. Бұл қайғылы оқиғада шомылуға тиым салынған жағажайда болды.
"Оқиға орнына 4 адам бір қайық, бір автокөлік жіберілген болатын. Құтқару қызметінің құтқарушылары оған реанимациялық жұмыс көрсетілді. Бірақ, ол өз қалпына келмеді", - деді Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы Асқарбек Омаров.
Ертіс өңірінде жаз шыққалы, осыған ұқсас 11 жағдай тіркелді. Рұқсат етілмеген жерге ішімдікке тойып алып баратындар да азаймай тұр. Сондай ережеге бағынбаған 182 адамға айып пұл салынды. Жалпы еліміз бойынша шомылу маусымы басталғалы бері 104 адам су құрбаны болған. Оның 30-ға жуығы мектеп оқушылары.