Қызылорда облысында каналға құлаған төрт жасар қыз бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылына бес шақырым қашықта орналасқан каналда болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз бала каналға абайсызда құлап кеткен.
«Мәйіт жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылды. Сол азаматтардың күшімен жерленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 18 адам суға кетті. Оның 8-і – бала.