$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Қордайда болған қылмыс туралы айтты

Қылмыскерлер тыныс алдырту аппараттарын халық тұтынатын тауарлардың арасына тығып қойған.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

 Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облысында анықталған қылмыстар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 16 шілде күні Қордай ауданында "Ауди-100" маркалы автокөлік тоқтатылған. Қызметкерлер оны итпен тексеріп шықты. Сол кезде жүксалғышта скотчпен оралған екі дорба табылды.

"Сараптама нәтижесі бойынша белгісіз өсімдік заты жалпы салмағы 20 келі 575 гр 120 мг болатын "кептірілген түрдегі марихуана" есірткі заты болып шықты. Көлік иесі қамауға алынды", - дейді ҰҚК мамандары. 

Бұдан бөлек, комитеттің шекара қызметі 15 шілде күні Жамбыл облысындағы "Қарасу" көлік өткізу бекетінде 23 инвазивті емес тыныс алдырту аппаратын заңсыз кіргізу фактісін анықтады. Медициналық құрылғылардың құжаттары болмаған. Ал 11 тонна этил спиртін "антисептик" деп көрсеткен. 

"Қылмыскерлер тыныс алдырту аппараттарын халық тұтынатын тауарлардың арасына тығып қойған. Ал этил спиртін "қолға арналған гигиеналық құрал" деп көрсетіп, шекарадан алып өтпекші болған. Тыныс алдырту аппараттары мен этил спирті экономикалық тергеу қызметіне тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары