$ 494.87  520.65  4.91

«Қалада бүгін ұйқы жоқ»: Cәтбаев халқы 5 жасар қызды зорлаған педофилді жазалау үшін бас көтерді (ВИДЕО)

«Халық шалды сұрап жатыр, берсін деп. Полицейлер бермей жатыр» деп ашуға булығуда.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Белгілі экономист, қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы Instagram парақшасына бүгін Сәтбаев қаласында болған оқиғаның видеосын жариялады. Айтуынша, жергілікті педофил 5 жасар қызды зорлаған. Соған ызаланған қала халқы түн ортасы ауған шақта жаппай бас көтеріп, әлгі қаскөй тұратын үйді қоршап алған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сәтбаев қаласы... Түнгі сағат 2:20. Тұрғындар педофилді өздері жазаламақшы. Қазақ ашуланбасын. Қазақ ашуланса, тасқын судан да қауіпті. Деректерге сенсек, педофил өзге ұлттан. Естеріңізге сала кетейін, кеше күндіз Сәтбаевта 5 жасар Айсезім есімді қыз жоғалып кеткен еді» деп жазды Дәулет Төлеутайұлы.

Ал жазба астына пікір қалдырған Сәтбаев қаласы тұрғындарының сөзінше, педофил 75 жастағы орыс шал көрінеді. Оқырмандардың бірі: «Қазақстанда педофилдерге ату жазасының жоқтығының кесірі осы», - деп ашынды.

«Сол үшін болып жатқан көтеріліс бұл! Ер-азаматтарымыздың бәрі әділдікті сұрап жатыр! Балаларымызға, кішкентай періштелерімізге қорлық көрсеткені үшін өлім жазасын берсін деп сұрап жатыр!» - дейді келесі оқырман.

Одан әрі көпшілік «Масқара ғой. Дұрыс, халыққа беру керек, таптап өлтірсін», «Мен Сәтбаевтанмын. Қалада бүгін ұйқы жоқ. Бәріміздің жүрегіміз қансырап тұр. Үкімет бір шешімге келіп, бұндайларды өлім жазасына кессін», «Халық шалды сұрап жатыр, берсін деп. Полицейлер бермей жатыр» деп ашуға булығуда.

Бұл сорақы жағдайға қатысты видеолар қазір WhatsApp желісі арқылы да тез тарап жатыр. Ал біз видеоны Дәулет Төлеутайұлы көшірілмейтін етіп қойғандықтан, заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан алып отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары