$ 494.87  520.65  4.91

Шу шыққан Шорнақ ауылының маңынан 80-нен аса жігіт ұсталды

Тұрғындар тыныш ғана үйлерінде ұйықтап жатты.
фото: pixabay
фото: pixabay

Шу шыққан Түркістан облысына қарасты Шорнақ ауылына жақын маңнан 80-нен астам  жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Жазба авторының хабарлауынша, ұсталғандардың көбі ол жерге басқа аймақтардан келген. 

"Өткен түнде келген құқық қорғау органдары Шорнақ аулының маңынан 80-нен астам жігітті ұстады. Олар басқа аудандар имен аймақтардан келген. Олар әлеуметтік желілерде таралған жалған шақыртуларды көріп, содан соң келген. Түнімен Кентау әкімімен бірге елдімекен аумағын араладық. Тұрғындар тыныш ғана үйлерінде ұйықтап жатты", - деп жазды Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Тағы оқи отырыңыз: Шорнақ елдімекеніндегі қақтығысқа қатысты жалған ақпарат таратқандар анықталды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны жөнінде ақпарат тараған еді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары