$ 494.87  520.65  4.91

«Педофилдерді өлтіру керек»: Сәтбаевта зорлық көрген 5 жастағы қыздың туысы Тоқаевқа ВИДЕО үндеу жолдады

Қыздың туысы Президенттен педофилдерге өлім жазасын беруді талап етіп отыр.

Кеше түнде Сәтпаев қаласында жоғалып кетіп, кейіннен басқа біреудің пәтерінен табылған 5 жасар бүлдіршіннің туыстары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір бүлдіршінге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық жасалды ма, жоқ па анықталып жатыр.

"Құрметті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден педофилдерге өлім жазасын беруді талап етемін. Осындай заң қабылдансын" - деді зәбір көрген кішкентай қыздың туысы Динара.

Оның айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы жақсы, ата-анасының жанында.

"Ешқандай өлім болған жоқ. Бірақ мына педофилдерді өлтіру керек. Оның қасында шешесі болған, оны не істейміз, оңбаған, бұл қасиетсіздің шешесі бар жанында. Өлтірсін, екеуін де жазаға тартсын", - деп талап етті Динара.

Тағы оқи отырыңыз:

«Қалада бүгін ұйқы жоқ»: Cәтбаев халқы 5 жасар қызды зорлаған педофилді жазалау үшін бас көтерді (ВИДЕО)

Айта кетейік, Сәтбаев тұрғындары бес жасар қызды ұрлап әкеткен күдіктіні өздері жазалмақшы болған. Аймақта жаппай тәртіпсіздіктер орнап, наразы жұрт бірнеше көлікті өртеп жіберген. Бұл жағдайға байланысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары