$ 494.87  520.65  4.91

«Қоңырау» арқылы блокбекеттен өткен қара джип жүргізушісінің есімі белгілі болды

Аталған видео пайда болған соң, полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілген.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысында "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен өткен джип жүргізушісі Қазақстанның триатлоннан бас бапкері болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде полицейлер блокбекеттен қара джипті "қоңырау шалудан" кейін өткізіп жібергені түсірілген видео пайда болған соң, полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілген.

"Автокөлік жүргізушісі Қазақстанның триатлоннан бас бапкері Юрий Соловьев болып шықты, ол бір апта бойы Бурабай курорт аймағында республикалық команданы жаттықтырып жүр. Жаттығуларды өткізуге ресми рұқсаты бар", - депді департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Оның айтуынша, полицейлер Соловьевті өзімен бірге жеке куәлігі болмаған соң ұстаған.

"Аталған автокөлік жүргізушісінің жаттықтырушыға қатысын анықтау және кіруге рұқсатын растау үшін қоңырау шалынды", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары