$ 494.87  520.65  4.91

Сәтбаевтағы бас көтеруде Жезқазғанның полиция бастығы соққыға жығылған (ВИДЕО)

«Сол кезде мен басымнан бірнеше рет соққы алдым, дене жарақатын алдым. Оң құлақтың, сол иықтың, сол жақ кеуде қуысының, сондай-ақ, бел аймағында қанталаған жерлер қалды», - дейді Амангелді Құрманов.

Жезқазғанның полиция бастығы Амангелді Құрмановқа Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде шабуыл жасалған. Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде осыған қатысты бейнежазба пайда болған еді, онда бір топ адам полицейді қоршап тұрғаны байқалады. Жанында тұрған белгісіз ер адам Амангелді Құрмановты ұрып жіберген кезде, оған басқалары да қосылады. Полиция қызметкері шабуылшылардан әрі қарай шегінеді.

«Әлеуметтік желілердегі видеодағы полицей шынымен де мен, Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Құрманов екенін растағым келеді. Жоғалған бес жасар қыз туралы ақпарат алғаннан кейін мен басқармаға келіп, жеке құрамды жинап алдым да, дереу Сәтпаев қаласына шықтым.

Шамамен түнгі бірлерде оқиға орнына келген соң, ол жерге адам көп жиналғаны, жаппай тәртіпсіздіктер басталып кеткені анықталды. Халық педофилді өздеріне беруді талап етті және кіреберіске кіруге тырысты. Біз подъезді қоршаудың бірінші қатарына тұрдық.

Осы уақытта топ адамның ішінен біреу «полиция қызметкерлерін бір-бірден алып кету керек» деп айқайлай бастады. Сол сәтте топ адам менің жанымда тұрған әріптесімді алып кетуге тырысты. Мен қызметкердің қолынан жібермей, халыққа оның еш кінәсі жоғын айтып түсіндірдім.

Олар қызметкерді жіберді. Осы уақытта біреу менің «полиция бастығы» екенімді айтып айқайлады. Олар күдіктіні беруді менен талап ете бастады», - деді ол, Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Ол жиналғандарға заң алдында барлығы тең екенін және аталған азамат заң бойынша жазаланатынын түсіндіре бастаған.

«Мұның бәрі 30-40 минут ішінде болды. Сол кезде мен басымнан бірнеше рет соққы алдым, дене жарақатын алдым. Оң құлақтың, сол иықтың, сол жақ кеуде қуысының, сондай-ақ, бел аймағында қанталаған жерлер қалды.

Халықтың мені естімейтіндігін түсіне отырып, олардың барлық жағымсыз эмоциясы мен сезімін өзіме қабылдадым. Бұл күні ешқандай ішімдік ішкен жоқпын, жағдайды түсіндіре алдым деп үміттенемін», - деп қорытындылады сөзін полиция бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары