$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында 28 жастағы қызды алып қашқан жігіттер қамауға алынды

Қыз алып қашқан азаматтар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілген.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлері қыз алып қашқан күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Facebook әлеуметтік желісіндегі Не молчи KZ тобында жарияланған жазба авторы жол бойында қыз алып қашу оқиғасының куәгері болғанын жеткізген. Оның сөзінше, «Ауди» маркалы көлігіне бірнеше ер адам қызды күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Бұл туралы куәгерлер тәртіп сақшыларына хабарлаған. Кейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күдіктілерді қолға түсіргені белгілі болды.

Қыз алып қашқан азаматтар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілген. Онда жігіттердің бірі қызды үйлену үшін алып қашқанын айтыпты.

Қазіргі кезде жәбірленуші босатылған. 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған. Күдіктілерден жауап алу және факт бойынша материал жинау жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары