$ 494.87  520.65  4.91

«Басқа не істеуім керек еді?»: ұсталып қалған шымкенттік жезөкше наразылық білдірді

Полиция қызметкерлерін аңғарған қыздар клиенттерінін тастай салып қаша жөнелген.
фото: qaz.neonomad.kz
фото: qaz.neonomad.kz

Шымкентте карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үнемі рейдтер өтіп тұрады. Соның нәтижесінде, полиция қызметкерлері заңбұзушылық жағдайларының үстінен түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

 Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мегополистің Республика даңғылында тексеру жұмыстарын жүргізген. Себебі, тәртіп сақшыларына тұрғындардан жеңіл жүрісті қыздардың "ежелгі кәсібін" жалғастырып жүргені туралы хабарламалар түсіпті.

 Арызданушының бірі жезөкшелер тек қана карантин талаптарын ғана бұзып қоймайтынын, сонымен қатар клиент үшін жаға жыртысатынын жеткізген. 

"Біз шаршадық, полиция келіп оларды таратады, сосын басқалары шығады. Біздің (ред. Қазақстан Республикасының) заңымыз өте жұмсақ. Олардың қандай аурумен ауыратынын кім біледі, сонысымен қоймай жезөкшелер өздеріне баға қойып алған. Олар сондай жағымсыз және өте дөрекі. Сіз оларға қараңызшы? Қалай ақша төлеуге болады? Айтуға сөзім жоқ", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Арман.

 Полиция қызметкерлерін аңғарған қыздар тастай салып қаша жөнелген. Алайда тәртіп сақшылары олардың барлығын қолға түсірді.

 Ұсталғандардың бірі жезөкшелікке ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ақталды. 

"Мен құрбыммен бірге қыдырып жүрдім. Сұлу екеніме, маған барлығының тесіле қарайтыны үшін кінәм жоқ шығар. Полицияны көріп, қаша бастадым, басқа не істеуім керек еді", - деді ол.

 Қолға түскен екінші ару жұмыс істеуге рұқсат бермегені үшін наразылығын білдірді. 

 Шымкентте рейдтер жалғасып жатыр. Әр кеш сайын тәртіп сақшылары ондаған заң бұзушылықты анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары