$ 495.2  522.34  4.94

«Қашып кеткен құрбандық»: Ақтауда иесінен безген өгізді полицейлер зорға ұстады (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, ашатұяқты жануар 4А шағын ауданы маңындағы теңіз жағалауынан суға қойып кетіп, содан 15-шағын ауданға дейін жүзіп өткен.

Бүгін полиция инспекторлары мал базарынан қашып кеткен өгізді ұстап, иесіне тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өгіздің қашып кеткені туралы видеоны lada.kz сайты жариялады. Таспаға тартып тұрғандардың бірі: «Қашып кеткен құрбандық», - деп оқиғаның мазмұнын дәл берген.

Нақты айтқанда, иесі оны құрбандыққа шалу үшін мал базарынан сатып алған. Пышаққа ілігетінін сезгендей, жануар көлікке тиеп жатқан сәтте қашып кетіпті.

Куәгерлердің айтуынша, жанұшырған жануар 4А шағын ауданы маңындағы теңіз жағалауынан суға қойып кетіп, содан 15-шағын ауданға дейін жүзіп өткен.

«Бұқаны (өгізді – ред.) 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары