$ 494.87  520.65  4.91

Талғар ауданында 5 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдар ұрланды

Ең алдымен көрші үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстан азаматтары күмән тудырды. Олар ұрлық жасағаннан кейін бірден жасырынған.

Алматы облысында пәтерден 5 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

26 тамыз күні сағат 19:00-де Талғар аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне Тұздыбастау ауылының 31 жастағы тұрғыны үй ұрлығы туралы арызданған. Оның жалпы кұны 5 млн теңге болатын зергерлік бұйымдары ұрланған. Осы факті ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, полицейлер оқиға орнына барды.

«Ең алдымен көрші үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстан азаматтары күмән тудырды. Олар ұрлық жасағаннан кейін бірден жасырынған. Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы қаласындағы ломбардтардың бірінен ұрланған заттардың басым бөлігі табылды. Зергерлік бұйымдарды тапсырушылардың келбеті іздестіріліп жатқан гастербайтерлердің белгілерімен сәйкес келді», – деді Талғар аудандық ПБ бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

Тәртіп сақшыларының суреттеулері бойынша іздестіру нәтижесінде, Алматы қаласының Жасыл базар ауданында екі күдікті ұсталды. Ұрланған зергерлік бұйымдардың көп бөлігі заңды иесіне қайтарылды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарына қатысты іздеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары