Орал қаласында жүкті әйел таксинің ішінде босанып қалды. Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайлары жақсы деп жазада KAZ.NUR.KZ.
Оқиға куәгер Азамат Әбуғалиев болған жағдайдың егжей-тегжейін айтып берді. Оның сөзінше, досымен бірге Правдухин мен Мәскеу көшелерінің қиылысындағы көлік жуу ғимаратының алдында тұрғанда, қастарына Volkswagen көлігі тоқтаған.
Жеңіл машинаның артынан жедел жәрдем қызметі де келіпті.
"Менің досым Тимур Мұхамедияров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ол шақыруға жас фельдшердің келгенін көріп, олардан көмек керек пе сұрады", – деді Азамат Әбуғалиев.
Көлікке жақындаған жас жігіттер әйелдің сол жерде босанып жатқанын көрген. Азаматтың айтуынша, содан кейін Тимур бірден қолғап пен спирт сұрапты. Ер адам босанып жатқан анаға көмектесіп, тіпті кіндігін өзі кескен екен. Қазіргі уақытта өмірге келген нәресте мен әйелдің жағдайлары жақсы. Белгілі болғандай, ана облыстық перинаталдық орталығына жеткізілген.