$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда парашюті ашылмай қалған сарбаз көз жұмды

Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді.

Ақтауда парашютпен жоспарлы секіру кезінде запа шеккен сарбаз Мұратжан Жамауов көз жұмды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Сайт дерегінше, бұл жайлы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді. Әйтсе де, науқас 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Оқиға 5 тамызда болған. Әскери қызметші Мұратжан Жамауов парашюттің толық ашылмауы салдарынан жарақат алған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары