$ 443.85  474.3  4.8

«Жылағың келеді»: Қазақстанда ресейлік цирк басшыларының басы бәлеге қалды

Жұрт шулаған соң жануарлардың жағдайын тәртіп сақшылары тексеруге кірісіпті.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Петропавлда карантин кесірінен елден шыға алмай қалған ресейлік цирк басшыларының басы бәлеге қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Хайуанат қорғаушылары ондағы аңдардың аштықтан бұратылып, аурудан тұра алмай жатқанын әлеуметтік желілерде жарыса жазуда. Дегенмен актерлар оны жоққа шығарып отыр.

"Жануарлардың еш жағдайы жоқ, шұғыл көмек керек деген – жалған сөз. Сенбегендер келіп, қарасын. Қарындары тоқ. Күн сайын тұрған жерін тазартып отырмыз. Кез келген адам келіп тексерсін", - деді цирк әртісі Иван Щербаков.

Жұрт шулаған соң жануарлардың жағдайын тәртіп сақшылары тексеруге кірісіпті. Ресейлік цирк гастрольдетіп жүріп, карантин жарияланғанда біздің елде қалып қойған. Соңғы тұрақтаған жері Бескөл ауылы. Осындағы автотұрақтан орын тауып, жарты жылдан бері ел шекарасының ашылуын күтіп отыр.

 Актерлардың айтуынша, мұндағы арыстан күніне бес келі ет жейді екен. Ал аюға он литр тамақ керек. Оларды асырау үшін цирк қызметкрелері құрылыстарда жалданып жұмыс істеп жүр. Көлікпен күні-түні кісі тасиды. «Жануарлардың жағдайын жасауға барымызды салып жүрміз», - дейді олар.

 Бұдан бөлек, жаны ашыған ауыл тұрғындары да көмектесіп жатыр екен. 

"Балық пен сүт әкеліп бердім. Аңдарға тамақ алып берсін деп, ақша тастап кеттім. Қамауда тұрған төртаяқтылардың жағдайын көріп аяйсың. Жылағың келеді. Оларды тар жерден шығарып, жүріп-тұра алатындай кең жерге қамаса болар еді", - деді Прибрежное ауылының тұрғыны Татьяна Токарева. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары