Оқиғалар 03.09.2020 сағат 12:40

Елордада 16 жастағы қыз көпірден секіріп, өзін өлтірмек болды (ВИДЕО)

Қыз бала құтқарушылардың сөзін елемей, күйзеліс жағдайында болған. Ол қасына ешкімнің жақындамауын өтініп, айқайлады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөліміне Сарайшық көшесінде орналасқан көпірде бойжеткеннің суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел басқару орталығының операторлары кәмелет жасына жетпеген қыз баланың орналасқан жерін шұғыл анықтады. Бес минуттың ішінде оқиға орнына полиция департаменті патруль полиция полкінің қызметкерлері – Қайырбеков Бауыржан, Алпысбаев Ержан, Қасенов Мәди және Амантай Әділеттен құралған екі экипаж келіп жетті.

Көпір таянышында отырып, төменге секірмек болған қызды көрген тәртіп сақшылары оны әңгімеге тартуға тырысты. Капитан Бауыржан Қайырбековтің айтуынша, қыз бала олардың сөзін елемей, күйзеліс жағдайында болған. Ол қасына ешкімнің жақындамауын өтініп, айқайлады.

Полиция қызметкері Амантай Әділет бойжеткеннің қарсыласқанына қарамастан оны құшақтап алып, әріптестерімен бірге қауіпсіз жерге шығарып алды. Өзіне қол жұмсамақ болған 16 жасар қыз бала ата-анасымен бірге Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі кезде жасөспіріммен психолог мамандар әңгімелесуде.

Елордалық полиция департаментінің басшылығы қызмет кезінде жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларын марапаттайды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар