$ 494.87  520.65  4.91

«Оны өлтіріп қоюы мүмкін еді»: блогер «қалжыңдаймын» деп желі қолданушыларын дүрліктірді (ВИДЕО)

Мұндай нәрселер әдетте кек алу үшін жасалады.

YouTube-блогер Кристен Хэнби ваннаға көпіршікті матаға арналған бояуды құйып, сүйіктісі Джесминді мазақ етті. Алайда, бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлады Sputniknews.kz, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Ол видеоны Instagram-да жариялады.

Қыз ваннадағы суға шомыла бастайды, ал сүртінген кезде блогер оның айқайлағанын естиді. Осыдан кейін қыз ванна бөлмесінен сүлгі оранып шығады, оның аяқ-қолы толығымен көгеріп қалғаны белгілі болды.

Хэнби оны "әлемдегі ең зұлым смурф" деп атап, ішек-сілесі қатып күлген.

Twitter қолданушыларының бірі видеоны өзінің парақшасында бөлісіп, пранкердің әрекетін күлкілі деп санамайтынын жеткізген. Оның бұл пікірін қолдаушылар лезде көбейді.

"Бұл оны өлтіріп қоюы мүмкін еді. Мата бояуын жыныс мүшелеріне, көзге немесе ауызға тигізуге болмайды. Бұл өте қауіпті. Ол дәрігерге қаралуы керек, өйткені, бұл оның денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін", - деп атап өтті пайдаланушылардың бірі.

Кейбір қолданушылар Хербидің бойында қызға деген қарапайым құрметтің болмауын айыптады.

"Қыз оған не істеген? Мұндай нәрселер әдетте кек алу үшін жасалады. Әзілді ешкім жайдан-жай ұйымдастырмайды",  - деп толықтырды.

Бірақ пранкерге араша түскендер де болды.

"Меніңше, бұл видеоны айыптап жатқан қыздар осы жағдай жігіттің басында болса, күлер еді", - дейді пікір білдірушілердің бірі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары