Желіде Павлодардағы аулаларының бірінде түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан спорттық костюм киген адамның әткеншекке қарай бара жатқанын, шалбарын түсіріп, әткеншек тебе бастағанын көрсетеді.
Бейнежазба сипаттамасына қарағанда, бұл ер адамның бірінші ерсі әрекеті емес.
Тұрғын ер адамды Толстой көшесінің жанындағы басқа ойын алаңында байқайды. Дәл осындай видеоны Сәтбаев көшесінде де түсірілген. Куәгер видеоны 31 тамызда жазып алған. Кадрлардан ер адамның ойын алаңына қалай баратынын, шалбарын шешіп, әткеншекке көтеріліп, әткеншек тебе бастағаны көрсетілген.
Кейін төменге түсе бергенде, ер адам өзін байқап қалама деп қорыққандай, айналасына қарайды.
Облыстық полиция департаменті бұл видеода тексеру басталғанын, факт тіркелгенін хабарлады. Қазір тәртіп сақшылары күдікті адамды іздеуде.