$ 444.22  476.38  4.82

Оралда 81 жастағы қарияның мәйіті табылды

оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжайында болды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Оралда саяжайдан 81 жастағы қарияның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжайында болды.

Саяжайдан 81 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың іздестіріліп жатқанын, кейін денесі табылғанын жазған болатынбыз.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары